Қостанайда жылыту маусымы аяқталды
Алдағы 1-2 күнде елордада жылыту маусымы аяқталуы мүмкін
Бүгін Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.
«25 сәуірдегі Қостанай қаласы әкімдігінің №718 қаулысына сәйкес, Қостанай қаласында жылыту маусымы аяқталды. Бұл шешім орташа тәуліктік температураның (+10°С төмен емес) тұрақталуына байланысты қабылданды», - делінген Қостанай жылу энергетикалық компанияның мәліметінде.
Қоса кетсек, бүгін сондай-ақ Петропавл қаласында жылыту маусымы аяқталды.
Ал Таразда 12 сәуір күні пәтерлерге жылу беру тоқтатылған еді.
Сонымен бірге алдағы 1-2 күнде елордада жылыту маусымы аяқталуы мүмкін.
«Алдағы 1-2 күнде ресми ақпарат шығады. Ережеге сәйкес, бес күн қатарынан +10 градус температура сақталса, онда жылыту маусымы аяқталады», - деп мәлім етті Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.