Нұр-Сұлтанда жаңа жол жүру тарифтері іске қосылады
Балалар үшін жол жүру тегін болғанмен, жол ақысы қымбаттамайды
Бүгін атауы өзгерген «City Transportation Systems» (бұрынғы Astana LRT – авт.) 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан қаласында жаңа жол жүру тарифтері іске қосылатынын айтты. Алайда, көлік картасын пайдаланушылар үшін қолданыстағы тарифтер қолжетімді болып қала бермек.
Қолданыстағы тарифтер:
- Қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жол жүру төлемі (көлік карталары, SMS/QR) - 180 және 90 теңге;
- «Айлық жол жүру. Қала» - 7500 теңге;
- «Айлық жол жүру. Қала+қала маңы» - 9500 теңге.
Жаңа тарифтер:
- «Айлық жол жүру. «Қала+экспресс» құны - 10 мың теңге, бұл қалалық және экспресс бағдарларда шексіз сапарларға құқық береді.
- «Айлық жол жүру. «Қала + экспресс+қала маңы» - 13 мың теңге.
- «3 айлық жол жүру» - 20 мың теңгеден;
- 1 күндік жол жүру ақысы 500 теңгеден;
- 3 күндік жол жүру ақысы 1 500 теңгеден;
- 5 күндік жол жүру ақысы 2 мың теңгеден (4+1);
- 15 күндік жол жүру ақысы 4 мың теңгеден (8+7).
Сондай-ақ биыл 5 жаңа магистральды (тікелей) және 1 радиальды (айналма) бағдарды іске қосу жоспарлануда. 2020 жылы бағдарлар саны 92-ден 105 бірлікке дейін жеткізілмек. Мүмкіндігі шектеулі тұрғындарға қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Сингапурлық тәжірибеге сүйеніп, автобустарды қадағалау жөніндегі қосымшаларда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы көлікті сәйкестендіру енгізіледі.
Еске сала кетейік, 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда 18 жасқа толмаған балалар үшін жол жүру тегін болады. Қоғамдық көліктегі жол ақысы әзірге қымбаттамайды.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан