ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Нұр-Сұлтанда балалар қоғамдық көлікпен тегін жүреді

Қала маңында тұратын жеңілдікке ие тұрғындар да 28 наурыздан бастап тегін қатынайды

18 жасқа толмаған балалар 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда қоғамдық көлікпен тегін жүреді. Бұл туралы «City Transportation Systems» (бұрынғы LRT – авт.) компаниясының басшысы Бекмырза Игенбердинов жеткізді.

«Өздеріңіз білетіндей қазір 7 мен 15 жас аралығындағы балаларға жолақы 40 теңге. Үлкендерге 90 теңге. Тұрғындар үшін, әсіресе көпбалалы отбасыларға жолақы  қиындық туғызады. Сондықтан 2020 жылдың 28 наурызынан кәмелеттік жасқа толмағандар түгел тегін жүріп-тұрады», - деді ол.

Бірақ, барлық жолаушылар бірдей автобуста валидация жасауға міндетті. Бұл компанияға маршрут бойынша есеп жасау үшін қажет.

Еске сала кетейік, бүгін елордада қаладағы қоғамдық көлік қатынасын реттейтін «Астана LRT» компаниясы БАҚ өкілдеріне жаңа ребрендингін таныстырды. Компания атауы «City Transportation Systems» деп өзгерді. Мекеме директоры Бекмырза Игенбердинов «Астана LRT» құрылғалы бері жұмыс форматын өзгертіп, қызмет аясын кеңейткендіктен, қазіргі атауы оның толық көрінісін бермейді деп есептейді.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан