Бүгін, 14:26
Оқиғалар
Ақтауда машина жарылып, газ баллоны аспанға ұшып кетті
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Фото: Видеодан скрин
Ақтауда Hyundai Elantra автокөлігі жарылып, ішіндегі газ баллоны ондаған метр жерге ұшып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Оған назар аударсақ, автокөліктің 45 литрлік газ баллоны алысқа ұшып кеткенін байқауға болады.
ТЖМ мәліметінше, оқиға Ақтаудың 27-шағынауданында көпқабатты тұрғын үй аумағында болған.
«Өрт сөндірушілер жанып жатқан көлікті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, газ баллон жабдықтарын уақытылы тексертіп отыру керек екенін ескертті.
Айта кетейік, бүгін Ақтөбеде көпқабатты үйдің астындағы кафеде жарылыс болып, бірнеше адам жараланғаны хабарланды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді