$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 15:47
Қоғам

Ауыр науқаспен арпалысқан 6 жасар Заңғар көмек сұрайды

Ол өткір лимфобластық лейкоз деген диагнозбен ауруханаға түскен

Ауыр науқаспен арпалысқан 6 жасар Заңғар көмек сұрайды

Алматылық Мәулен Қоспанов  есімді азамат екі жылдан бері баласының дертіне дауа таппай сабылып жүргенін айтады. Өткір лимфобластық лейкоз деген диагнозбен ауруханаға түскен ұлына Алматыдағы педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ-да ем жүргізілген. Алайда бір жарым жылдың ішінде бірнеше рет ауруханаға жатып шыққан Заңғар Сейфолла оңала алмапты. Күннен күнге әлсіреген 6 жасар баланы ата-анасы Оңтсүтік Корея Республикасындағы жілік майын транцплатациялау орталығына жатқызған. Алғашқыда шетелдік мамандар мұндай операцияның құны 162 мың АҚШ доллар екен айтыпты. Одан тыс операциядан кейінгі әр курсы 12 мың АҚШ ақшасына бағаланған химия терапияны да есептеп берген. Бүлдіршінде ақ қаннан жазып алу үшін туыстары тиісті қаражатты жинап берген. Түрлі қайырымдылық ұйымдары жұлдыздардың қатысуымен концерт ұйымдастырған, жекелеген азаматтардың қаржы жинауы мен өз дүние-мүліктерін сатудан түскен қаражат Заңғардың осы күнге дейін еміне жұмсалыпты.

Суретте: Заңғар Сейфолла

«2018 жылы Алматыдағы онкологиялық ауруханаға жаттық. Ол жерде 8 айдай ем алдық, сосын бізді емделдіңіздер деді. Бірақ қайтадан 3 айдан кейін жағдайы қайтадан нашарлады. Тағы да түстік ауруханаға. Өзіміздің ойымыз нәтиже болмаған соң шетелден ем іздеу болды. Қазір Кореяда ем қабылдап жатырмыз. Осы уақытқа дейін біраз химия терапия алдық. Төрт жастағы Ботагөз деген қызымнан жұлын майын алып, донор ретінде Заңғарға салып, ота жасалды. Алғашқы анализ алды, сосын екіншісін алып тесерді. Екеуі де оң өзгеріс болғанын көрсетті»,- дейді баланың әкесі.

Соңғы жарты жылда Оңтүстік Кореяда жатқан Заңғар Сейфолланың жақында денсаулығы тағы сыр беріпті. Дәрігерлер алдын ала болжам бойынша, ұйқыда жатқан рак клеткаларының тағы да оянғанын  хабарлаған. Жұлын майынан алынған анализдің қорытындысы наурыздың басында жария болмақ.

Суретте: Мәулен Қоспанов, әкесі

«Үшінші рет жақында сараптама алғанда, баланың денсаулығында қайтадан өзгеріс болғаны анықталды. Қазір қымбат таблеткалармен ем алып, Кореяда жатыр. Дәрігерлер ұйқыда жатқан клеткалары қайта оянып кетті, енді кезекті операция жасамаса болмайды деген болжам айтылып отыр. Қазір ол «Ассан Медикал Центр» деген ауруханада жатыр. Бастыпқы операциясы мен еміне 160 мың АҚШ долларынан астам қаржы сұрады, біз мұны тауып бердік. «Сепсис» деген ауру шықты, химия терапияның әсерінен деп айтты. Оның да беті қайтқан еді. Енді тағы да ота жасауға тура келеді», - деді Мәулен Қосанов.

Отбасы мүшелері осы жолы ота сәтті өтсе, азапты күндер артта қалады деп үміттенеді. Баланы кәріс профессорлары бірнеше тәсілмен емдейміз деп жатыр. Бірінші түрі таблеткамен емдеу, оның күніне екеуін ішеді. Әрқайсысы 200 доллар. Екіншісі, әкесінің жілік майын алып ота жасау ұсынылып отыр.  

«Осы күнге дейін Заңғардың өмірін алып қалу үшін халық бар, ағайын-туыс бар, өзге де қайырымдық ұйымдар аянбай көмектесті. Оған алғыс айтамыз. Өзіміздің де бар дүние-мүлкімізді саттық.  Енді елден тағы да Заңғарға қол ұшын созады деп ойлаймын. Биыл 2 наурызда жілік майынан алынған анализ нәтижесі айтылады. Соның қортындысына қарай қаражат көлемі белгілі болады. Егер дәрімен емдесе күніне 400 АҚШ доллары кетеді. Ал ота жасалатын болса, қосымша қаражаттың соммасы хабарланатын болады. Бұл ауруға шалыдыққандардың 70-80 пайызы емделіп кетеді»,- дейді халықтан көмек сұрап отырған Мәулен Қоспанов.

Сараптама қортындыларына қарай, науқас балаға жасалатын операцияның құны жақында белгілі болады. Бірақ оған дейін аурухана төсегіне таңылып жатқан алматылық бүлдіршіннің күнделікті дәрісіне қаражат қажет. Ол бірнеше банктен есеп-шот ашып, тағы да қаражат жинауға кіріскен. 

Туғанбаева Ақбота Бексұлтанқызының атына реквизит:

 "Каспий Gold: 8707-981-87-07,

карта нөмірі: 5169 4931 2952 1566

ИИН 961213400610,

Qiwi кошелёк: 8707-981-87-07

Сбербанк: 4578 3200 1392 6965, 8707-981-87-07

Халық банк: 4405 6398 6512 6542"

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары