$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.02.2020, 15:26
Қоғам

СҚО-да подполковник тергеу тоқтатылғаннан кейін кінәсін мойындаған

Ол 2 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталады

СҚО-да подполковник тергеу тоқтатылғаннан кейін кінәсін мойындаған
фото: Батыржан Беспаев

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің аса маңызды істер бойынша экс-аға тергеушісі жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді. Ол қылмыстық іс бойынша қылмыстық процеске қатысушыдан істі тоқтату үшін 2 млн теңге алды деп айыпталады.

Қызығы сол, полиция подполковнигінің үстінен қозғалған іс қылмыс құрамының болмауына байланысты 2020 жылдың 8 ақпанында тоқтатылған. Бірақ одан кейін айыпталушы кінәсін толық мойындаған.

«Кінәнің толық мойындалуына байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеуді жеделдетілген іс жүргізу тәртібінде аяқтауды жоспарлап отыр. Оның кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот белгілейді», - деді бұл туралы агенттіктің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Серіктес жаңалықтары