$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 12:12
Қоғам

Алматыда ұшқыш Мейіржан Молдақұловты жерлеу рәсімі өтті

28 қаңтарда қайтыс болған «Bek Air» компаниясына қарасты ұшақтың екінші пилоты бүгін жерленді

Марқұмның «Алтай» шағын ауданындағы үйіне жақындары мен әріптестері көп жиналды. Туған жері  Ақтөбеден де туыстары келген. «Bek Air» компаниясының ұжымын бастап келген Нұрлан Жұмасұлтанов жаназаға қатысты. Ол журналистерге сұқбат бермейтінін, марқұмға арналған ас кезінде туыстарына көңіл айту сөзін арнайтынын айтты. Мейіржан Молақұлов Алматы халықаралық әуежайының маңындағы «Маяк» елді мекенінде зираттардың біріне жерленді.

Былтыр  27 желтоқсанда Алматы қаласы маңында «Bek Air» әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырап, 12 адам қаза тауып, 67 адам түрлі жарақатпен аурухана жеткізілді. Соның бірі – екінші ұшқыш Мейіржан Молдақұлов болатын. Өткен аптада ауруханадан шығарылған ұшқыш үйінде бір апта жатқан соң, жүрегі тоқтап қайтыс болды. Сейсенбі күні кешке қарай ұшқыштың денсаулығы күрт нашарлап, жедел жәрдем дер кезінде жеткенімен, аман алып қала алмаған.

Айта кетсек, екінші ұшқыш Мейіржан Молдақұлов ұшақ апатынан соң №4 қалалық ауруханада жиырма екі күн жатып емделген болатын. Дәрігерлер 55 жастағы ұшқыштың бел омыртқасына ауыр операция жасаған. Бір апта жансақтау бөлімінде жатқан ұшқыш 5 қаңтар күні есін жинаған еді.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары