$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 11:13
Қоғам

Қазақстанда биыл қияр мен қызанақ айтарлықтай қымбаттаған

Сондай-ақ, сүт пен қарақұмықтың да бағасы өсті

Қазақстанда биыл қияр мен қызанақ айтарлықтай қымбаттаған
Фото ашық дереккөзден

2020 жылдың алғашқы айы қазақстандықтар үшін азық-түлік пен көкөністің қымбаттауымен басталды. Мәселен, қияр – 25,2 пайызға, қызанақ бағасы 17,6 пайызға өсіп отыр.

Бұлардан бөлек, қызылша (2,4%), орамжапырақ (2,2%), сәбіз (1,2%) секілді күнделікті тұтынатын көкөністердің де құны аз ғана көтерілген. Ал, жемістен алма ғана 2,5 пайызға қымбаттады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметовтің айтуынша, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны себепсіз көтергендерді жазалаудың тетіктері өзгерген. Енді мұндай саудагерлерге алдымен ескерту жазбаша түрде жолданады. Жыл басынан бері 192 ескерту қағазы толтырылған.

«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың нарығына біз апта сайын бақылау жүргізіп отырамыз. Егер саудагерлер бағаны себепсіз, өзара келісіп көтеретін болса біз оларға алдымен ескерту жолдаймыз. Ескертуге сәйкес, кәсіпкер 10 тәулік ішінде бағаны қайта арзандатуы тиіс», - деді Р.Ахметов.

Серіктес жаңалықтары