«Мойныма ілінген жарты млрд теңгені ғұмырымда төлеп бітпеспін» - Анар Мешімбаева

Анар Мешімбаева 5 жыл түрмеде отырды

Статистика  агенттігінің экс-төрағасы бүгінде елдегі белгілі құрылыс компанияларының бірінде аналитик болып жұмыс істейді. Оған қоса, көршілердің бірлігін арттыруды көздейтін әлеуметтік жобаның басы-қасында жүр. Сұхбат барысында Анар Мешімбаева түрмеде көргенімен бөлісті. Мемлекеттік қызметке қайтып оралуға қарсы емес. Бірақ, қазіргі уақытта мойнына мінген қыруар қаржыны ай сайын өтеп жүр.

Еске салайық, 2009 жылы елдегі халық санын түгендеуге бөлінген 1 млрд 144 млн теңгенің жартысынан көбі ұрланған деген шешім шықты.

Науқанға жұмсалуы тиіс қазына қаржысын ат төбеліндей топтың бөліске салғаны әшкере болып, үлкен резонансқа себеп болды.  Тергеу қазынаға қол салған «төрттікті» көп ұзамай анықтап, үшеуін бір жылдың ішінде түрмеге отырғызды. Олар кәсіпкер Серік Тұржанов, Статистика агенттігі төрағасының орынбасарлары Нұғман Баянов пен Бірлік Меңдібаев болатын. Алғашқысы 9 жыл, ал соңғы екеуі 6 жылдан жаза арқалады. 

Ал басты фигурант араға 4 жыл салып шетелде ұсталып, елге қайтарылды. Статистика агенттігінің сол кездегі басшысы Анар Мешімбаева 700 млн теңгенің қайда жұмсалғанын түсіндіріп бере алмаған. Бірақ тергеу органдары оны мемлекет мүлкін жымқырғаны үшін 2014 жылы 7 жылға соттады. Анар Мешімбаева кесілген мерзімнің 5 жылын түрмеде өтеді. Ал қалған 2 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен кешірілген. Кезекті науқан қарсаңында екі жыл бұрын абақтыдан босап шыққан экс-шенеунікпен Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі тілшісі Ришат Асқарбекұлы сұқбаттасты. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.