$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2020, 12:35
Қоғам

Legatum рейтингі: Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы рейтингте 84 орында

Денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызмет 7,4%-ға қымбаттаған

Legatum рейтингі: Қазақстан денсаулық сақтау саласындағы рейтингте 84 орында
фото: alau.kz

Қазақстан денсаулық сақтау саласында 167 елдің арасында жүргізілген рейтингте 84 орын алды. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан ЕАЭО-ға мүше елдердің арасында Ресей мен Қырғызстанның алдына шығып, Беларусь және Армения елдерінен кейінгі орын алды. Бұл туралы energyprom.kz хабарлайды.

Legatum институты әлем халқының 99,4% мекендеген 167 елдегі халықтың әл-ауқаты индексін анықтап, бірнеше бағытта рейтинг жүргізген. 300-ге жуық индикатор бойынша негізінен 65 категория анықталған. Соның бірі – денсаулық сақтау көрсеткіші. Бұл рейтингте ескерілетін басты индикаторлар – адамдардың денсаулығы, аурулардың алдын-алу үшін қажетті қызметтерге қолжетімділік. Сондай-ақ бағалау көрсеткіштеріне денсаулық сақтау жүйесі, аурушаңдық, қауіп-қатер факторлары мен өлім-жітім де кіреді.

Өткен жылдың ІІІ тоқсанындағы көрсеткіш бойынша Қазақстандағы денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызмет көлемі 321,2 млрд теңгеге жеткен. 2018 жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 271 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 171,3 млрд теңге ауруханадағы қызметке, 93,6 млрд теңге медициналық және стоматологиялық қызметке тиесілі.

Өткен жылдың 12 айындағы денсаулық сақтау саласында көрсетілген қызмет 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 7,4%-ға қымбаттаған. Осы аралықта фармацевтикалық өнімдер бағасы 8%-ға, амбулаториялық-емханалық қызметтердің бағасы 7,1%-ға өскен.

Серіктес жаңалықтары