$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.12.2019, 10:54
Қоғам

Белгісіз ер адам ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болған

Фотограф Вячеслав Батурин болған оқиғаны суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салыпты

Белгісіз ер адам ұшақ апатынан қаза тапқандарға қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болған
Фото: Facebook / Вячеслав Батурин

Белгісіз ер адам әуежай ғимаратының жанында Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу үшін қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болған. Сол уақытта ол жерде фотограф Вячеслав Батурин жүрген екен, ол болған оқиғаны суретке түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде әңгімелеп жазған. 

Алматылық фотографтың айтуынша, ер адамның ойын бірден түсіне қоймаған. Кейін оның гүлдерге қаза тапқандарды еске алу үшін емес, керісінше, бірнешеуін алып кеткісі келгені белгілі болған. Десе де, Батурин ер адам ойлағанын іске асыра алмағанын айтты. 

«Оларды алып кетті, артынан қуып жетуіме тура келді ... бәлкім, бекер шығар (...)», - деп жазады Вячеслав.

 

Дереккөз: Тengrinews.kz

Серіктес жаңалықтары