ШұғылЕлімізде өткен тәулікте пневмониядан 10 адам қайтыс болды

«Асхана лас, ыдысты кір суға жуып жатыр»: тараздық блогер балалар лагеріндегі антисанитарияны көрсетті

Қоғам белсендісі лагерьде өрт қауіпсіздігі де сақталмағанын айтады

Тараз тұрғыны Хамида Сауранбек қала іргесіндегі Жасөркен ауылында орналасқан «Болашақ» лагерінде балаларды демалдыру қауіпті деп есептейді. Айтуынша, демалыс орны антисанитарияның ошағына айналған. Оның үстіне мұнда өрт қауіпсіздігі мүлдем сақталмаған көрінеді. Сөзіне дәлел ретінде қоғам белсендісі лагерьден түсірілген фото және видеоматериалдарды әлеуметтік желіге жүктеді.

Ол лагерь тазалығын асханадан бастап тексеріп көрген екен. Алайда, тамақ істейтін бөлмеге кіргенде шошынғанын айтады.

«Асханаға кіргенде шок болдым, құжынаған шыбын, лас ваннаға балалардың ыдысын жуып жатыр. Полдағы кафель май, жұмысшылардың басында орамалы жоқ, ешбірі маска тақпаған», - деп жазды ол.

Сондай-ақ, асханадағы тоқ сымдарының беті ашық тұрғанын да фото-видеоға түсіріп алған.

Ал, медициналық бөлмеде кварц жасалмайды екен. Дәрі-дәрмектің өзі түгел емес дейді белсенді.

«Медбике балалардың жатын бөлмесіне апарды, 10-12 төсектен тұр, аралары тым жақын, шкаф 2-3 қана, сонда балалар керек заттарын қайда салады? Душ, әжетхана тозып әбден тозығына жеткен, бір отрядта 30-40 бала екен, 30 балаға 1 ғана кеңесші (вожатая) бекітілген», - деп жазды Хамида Сауранбек.