22.07.2021, 13:31
Қоғам
Жетісай: мұғалімдер отбасында үшем дүниеге келді
Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімдері берілді
фото: gov.kz
Жетісай ауданында үшем дүниеге келді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
34 жастағы Аягөз Қарымсақова № 2 облыстық перениталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды. Жаңа туған нәрестелерге Ернұр, Айнұр, Балнұр есімдері берілді. Сәбилер 37 аптасында дүние есігін ашқан. Қазір білікті дәрігерлердің арқасында енді туылған шақалақтар мен анасының денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Үшемдер 23 шілде күні перениталдық орталықтан шығады деп жоспарлануда.
Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұл мен екі қызы бар. Әкесі мектепте тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Ал, анасы физика пәнінен сабақ береді.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды