Нұр-Сұлтанда коронавирустан антирекорд – тәулігіне 15 өлімнен тіркеліп жатыр
Елордалық инфекциялық стационарларда қазір 2 556 пациент ем алуда
Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Қазіргі уақытта елорда коронавирус ауруының шыңында тұр. 22 шілде күні инфекциялық стационарларда 2 556 пациент ем алуда. Оның ішінде расталған коронавируспен – 2 270 адам, пневмониямен – 286 адам тіркелді. Жұмыс жүктемесі 72% – ды құрайды», - деп хабарлады Тимур Мұратов әкімдікте өткен брифингте.
Оның айтуынша, 16 стационарда барлығы 3 562 төсек орналастырылған. Бірақ аурудың өсуіне байланысты қалалық ауруханаларды қайта бейіндеуге және жоспарлы емдеуге жатқызумен күндізгі стационардың жұмысын тоқтатуға тура келеді.
«Біз төсек-орындарды ұлғайтуға, қолда бар барлық ресурстарды пайдалануға мәжбүрміз. Күніне коронавирустың шамамен 10-15 өлімі тіркеледі. Өткен тәулікте 333 адам ауруханаға жатқызылды», - деді ол.
Ашылған инфекциялық төсектердің тек 1 006-сы ғана бос, оның ішінде 62-сі – реанимациялық төсектер. Басқарма басшысы реанимацияда 230 адам жатқанын айтты. Оның ішінде аса ауыр дәрежеде 70 адам, ӨЖЖ-да 47 пациент жатыр.