«Степногорск тұрғындары ПХД-ға қарсымыз»: Нұрлан Сабуров жерлестерінің үндеуін қолдады
Қала тұрғындар қауіпті қалдықтарды жоятын зауыт құрылысына қарсылық білдіріп жатыр
Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров жерлестерінің үндеуін қолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біз - Степногорск тұрғындары ПХД-ға қарсымыз», - деп жазды ол өзінің Instagram парақшасында.
Еске сала кетейік, Степногорск қаласының тұрғындары қаланы экологиялық апаттан қорғау үшін танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровқа жүгінді.
«Біз шенеуніктерге деген сенімімізді жоғалттық, олар демонстрациялық алаңдаушылықтан басқа ештеңе көрсетпейді, біз ортақ үй - Степногорск қаласын қирататын бақытсыздықпен жалғыз қалдық. Сізден, Нұрлан Әлібекұлы, сіздің туған қалаңыз Степногорск қаласының қоршаған ортаның сыни жағдайына және жас ұрпақтың денсаулығына назар аударуыңызды сұраймыз», - дейді тұрғындар.
Степногорск қаласы Көкшетау қаласының оңтүстік-шығысына қарай 220 км жерде, Сарыарқаның солтүгінде, Ақсу өзеннің оң жағалауындағы аласа белесті жазықта орналасқан.
Тұрғыны 41,6 мың адам (2005). Іргесі 1963 жылы қаланған. Қаланы сирек шоқ ормандар қоршаған. Степногорскде химия, машина жасау, микробиология, тамақ, құрылыс материалдары кәсіпорындары, энергетика саласы жақсы дамыған. Негізгі кәсіпорындары: кен-химия комбинаты, жөндеу-механика заводты, «Прогресс» АҚ, «Степногорск подшипник зауыты» АҚ, үй-құрылыс комбинат, темір-бетон бұйымдар заводты, сүт-консерві, тамақ комбинаттары, «Биомедпрепарат» ғылыми-өндірістік комбинаты, т.б.