$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.12.2019, 13:05
Қоғам

«Теріс түсінді». Шекара қызметінің басшысы Қастер мен Мұрагерге қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің басшысы Дархан Ділманов  Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, бұдан бұрын айтқан мәлімдемесін журналистер теріс түсінді дейді.

«Теріс түсінді». Шекара қызметінің басшысы Қастер мен Мұрагерге қатысты мәлімдеме жасады

Оның айтуынша, Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы шекарасын заңсы бұзып өтті деп айтылған Қастер Мұсахан мен Мұрагер Әлімұлының тағдырын тек сот шешеді. Яғни, Ұлттық қауіпсіздік комитеті сот шешімінсіз оларды елден шығаруға, немесе елде қалдыруға құқысыз.

Айта кетейік, Шекара қызметінің басшысы бұған дейін ҚР Үкіметі 2006 жылы 14 желтоқсанда бекіткен  келісімнің 32-ші бабына сәйкес,  Қытайдың немесе Қазақстанның шекарасын шатасып, не аңдамай бұзып өткен екі ел адамдары 7 (жеті күн) ішінде қайтарылады деп мәлім еткен болатын. Бірақ, бұл мәлімдеме Қастер мен Мұрагерге қатысты айтылған жоқ дейді, ол.

«Бірінші сот өтіп, сот шешуі керек (оларды қайтармау-қайтару туралы). Мен осы екі жігітқе қатысты айтқан жоқпын, мен ұсталған кез келген азамат болсын, заңға сәйкес шығады дедім Бұл екеуіне қатысты айтқан жоқпын, ол екі жігіттің мәселесін сот шешеді. Сот қашан болатынын білмейміз. Біз өз тарапымыздан тергеу амалдарының бәрін аяқтап, тапсырдық. Соттың өтетін күнін, датасын біз шешпейміз. Қашан өтетіні белгісіз», - деді Дархан Ділманов.

Шекара қызметінің басшысы  Қытай азаматтарының оқиғасы қазіргі статистика бойынша, мемлекеттік шекараны заңсыз бұзып өткен Қазақстандағы жалғыз іс дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қытай азаматтары Қастер мен Мұрагер 2019 жылдың күзінде Қазақстанның шығысындағы мемлекеттік шекарадан өтіп, Қазақстанға саяси пана іздеп келгендерін мәлім еткен болатын.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары