$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2021, 09:38
Қоғам

Жайық өзенінің тасуы салдарынан тағы да балық қырылды

Экология министрлігі 3 мың тонна балықты құтқарғанын айтты

Жайық өзенінің тасуы салдарынан тағы да балық қырылды
Facebook әлеуметтік желісінен

Осыдан бірер күн бұрын Атырау облысындағы Бесікті ауылының іргесінде Жайық өзенінің тасуынан пайда болған көлшікте балықтардың қырылып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Жергілікті тұрғындардың тірі балықты қаппен жинап алған. Экология министрлігі аталған жайтқа байланысты түсініктеме берді.

Министрліктің баспасөз хатшысы Самал Ибраеваның айтуынша, 2 мамыр күні Жайық өзенінің тасуы салдарынан Безымянное жайылмалы көлі жағалауынан асып, жақын сағаларды шайып кеткен. Сумен бірге жағаға балықтар шығып қалған.

«Бұл жағдай туралы өзара шұғыл іс-қимыл әрекетіне сәйкес барлық мүдделі мемлекеттік органдар, оның ішінде жергілікті атқарушы орган хабар берілді. Балық ресурстарын сақтау жұмыстарына 10 инспектор, жергілікті тұрғындардан 40-қа жуық адам, әкімдіктің 3 бірлігі автокөлігі, инспекцияның 4 бірлік темір тұлпары жұмылдырылды. Нәтижесінде 3 тоннаға жуық балық құтқарылды, ал 470 кг өлі балық жерге көмілді. Ауыр техниканың (трактордың) көмегімен жасанды канал қазылды, ол арқылы балықтармен су қайтадан өзен арнасына жіберілді. Су әлі тасыпжатыр, ал балық ресурстарын құтқару жұмыстары жалғасуда», - деп жазды С.Ибраева өзінің Facebook-парақшасында.

Жағаға шыққан балықтарды жапа-тармағай аулап жатқандар қатары толастамай тұр. Алайда, уылдырық шашуға келген балықтарды аулауға тыйым салынған. Жергілікті әкімдік ескертуге қарамастан балық аулап жатқан тұрғындарды жауапқа тартып, оларға айыппұл салатынын айтып отыр. 

Серіктес жаңалықтары