$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.04.2021, 14:36
Қоғам

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді

Қалада ҰОС-ның 126 ардагері қалаған

Алматыда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 1 млн теңгеден төленеді
Фото ашық дереккөзден

Алматыда Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің әрбіріне 1 миллион теңгеден берілетін болды. Мұндай ұсыныс қалалық мәслихаттың кезектен тыс IV сессиясында қабылдаған.

Қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы таратқан ақпарат бойынша бір жолғы көмек 17 мың адамға беріледі. Жергілікті бюджеттен төленетін бірреттік төлемдер ҰОС қатысушыларына, оларға теңестірілген еңбек майданына қатысушыларға және басқа санаттарға беріледі. Сонымен, ҰОС қатысқан 126 ардагер мен мүгедектердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден берілсе, 4 мыңға жуық адамның әрқайсысы 100 мың теңгеден, ал 12 мыңнан астам адамның әрқайсысы 50 мың теңгеден алатыны болады.

«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері 123 млн. теңге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген 1 709 адамға 170,9 млн. теңге, басқа мемлекеттердiң аумағындағы жауынгерлік ұрыс қимылдарының ардагерлеріне 100 мың теңгеден (2 725 адамға 272,5 млн. теңге), Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң екiншi рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден (1 адамға ғана қалған) төленеді. Ауғанстандағы немесе жауынгерлік ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына және қайта некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 100 мың теңгеден (29 адамға 2,9 млн. теңге)», - деп хабарлады Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар еңбек майданына қатысушыларға (ҰОС кезінде тылда жұмыс істеген), соның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталғандарға, сондай-ақ марапатталмағандарға 50 мың теңгеден (12 мың адамға 600 млн. теңгеге жуық) төленеді.

Серіктес жаңалықтары