2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есе ұлғайтылады – Nur Otan
Жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлінеді
«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Ғабдолла Дүйсенбаев сайлауалды үгіт науқаны аясында техника ғылымдарының докторы, профессор, ХАА академигі, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, «Металлургия және материалтану» кафедрасының меңгерушісі Асылбек Нұрымғалиевпен кездесу өткізді.
Асылбек Хабдашұлы - 220-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектің, оның ішінде 4 монография, 30 оқу құралы мен әдістемелік нұсқаулар, КСРО-ның 15 авторлық куәлігі мен ҚР патенттерінің авторы. Сондай-ақ, ол «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» екі мемлекеттік грантының иегері, «ҚР ғылымын дамытудағы еңбегі үшін», «ҚМИУ алдындағы еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған. 2015 жылы ол «Алтын Гефест» ұлттық премиясымен «ТМК мамандығы бойынша 2015 жылғы ғалым-педагог» номинациясымен марапатталды, ал 2016 жылы еліміздің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және жоғары білікті мамандарды даярлаудағы жоғары еңбегі үшін А. Байтұрсынов атындағы қола медальға ие болды.
«Әрқашан ғылымды алға жылжытатын, сонымен қатар студенттердің білімге деген сүйіспеншілігін баулитын адамдар біздің Отанымыздың нағыз патриоттары болған, бар және болып қала береді. Мен Асылбек Хабдашұлына «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасы туралы, партиямыздың қолдауымен қандай үлкен жаңалықтарды жүзеге асыру жоспарланғаны туралы айтып бердім. Мәселен, «Nur Otan» сайлауалды бағдарламасына сәйкес, елімізде Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша екі жаңа озық өңірлік жоғары оқу орны құрылады, бұл ретте тиімсіз оқу орындары жабылатын болады. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға 1,5 есеге ұлғайтылады. Жас ғалымдарға жыл сайын 1000 грант бөлінеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын пайдалануға беріледі. Бейресми білім берудің баламалы нұсқаларын дамыту және нәтижелерін тану үшін заңнамалық шаралар қабылданатын болады», - деп атап өтті Ғабдолла Дүйсенбаев.
Асылбек Нұрымғалиев партиялық бастамалар туралы оң пікірін білдіріп, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаттығына кандидатқа сәттілік тіледі, сондай-ақ 10 қаңтарда өңір бойынша барлық азаматтарды сайлау учаскелеріне келіп, дауыс беруге шақырды.
Nur Otan партиясы Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді