$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2021, 14:50
Қоғам

Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлеу туралы SMS-хабарлама неге қайта келіп жатыр?

SMS 400 мың абонентке жолданған

Қазақстандықтарға 42 500 теңге төлеу туралы SMS-хабарлама неге қайта келіп жатыр?
Коллаж: Нұрсұлтан Жорабаев

Өткен жылы пандемияға байланысты табысынан айырылған қазақстандықтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде әлеуметтік төлем тағайындалды. 42500 теңге екі рет: 16 наурыз бен 11 мамыр (төтенше жағдай жарияланған тұста), 5 шілде мен 17 тамыз аралығында (коронавирус өршіген тұста) берілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай режимі кезінде 4,6 млн адамға 322 млрд теңге, ал карантиндік шектеу кезінде 2,4 млн адамға 153,2 млрд теңге төленгенін хабарлаған болатын.

Жақында қазақстандықтарға 42 500 теңге қайта берілетіні туралы SMS келген. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ресми өкілі Анар Мағзұмова техникалық қателік кеткенін хабарлады.

«Өткен түні жүйені жаңарту бойынша стандартты жұмыстар жүргізілген еді. Сол кезде төлем тағайындау туралы ескі хабарлама кетіп қалған. SMS байланыс операторларының 400 мың абонентіне жолданды. Бұл әдеттегіден тыс жағдай және адами фактордың салдары. Мазалағанымызға кешірім сұраймыз және түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс айтамыз», - деді Анар Мағзұмова.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#42 500 теңге