$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2021, 13:48
Қоғам

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды

Кездесу конструктивті диалог режимінде өтті

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы кітапхана қызметкерлерімен талқыланды

2021 жылдың 7 қаңтарында Қарағанды қаласындағы М.Әуезов атындағы орталық кітапханада «Nur Otan» партиясының облыстық сайлауалды штабының мүшелері, біліктілікті дамыту орталығының «IteachMe» ҚҚ директорының орынбасары Пономарева Светлана Александровнамен және еңбек ардагері, мәдениет қызметкері, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Омарбекова Рымбала Кенжебалиевнамен кездесу өтті.

Бұл кездесудің мақсаты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын талқылау болды. Өз сөздерінде партияның сайлауалды штабының мүшелері «Nur Otan» өзінің сайлау алдындағы күресінде жастарға басымдық беретін жалғыз партия екенін атап өтті. Партия жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған тұтас бағдарлама әзірледі, ол-тұрғын үймен, жұмыспен қамтамасыз ету, өз бизнесін ашу үшін гранттар мен субсидиялар бөлу.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері тұрғын үй бағдарламаларын іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту, шағын несие беру, азаматтарды әлеуметтік қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу және т. б. мәселелерге тоқталды.

Кездесу барысында «М.Әуезов атындағы кітапхана» бастауыш партия ұйымының төрайымы Г. К. Ахметкаримова өз қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге ниет білдірді.

Жалпы кездесу конструктивті диалог режимінде өтті. «Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелерімен кездесу барысында туындаған сұрақтарға жан-жақты және дәлелді жауаптар берілді.

Nur Otan партиясының Қарағанды облыстық филиалының сайлау қорынан төленді

Серіктес жаңалықтары