Семейде кәсіпкерлерге 28 миллион теңге айыппұл салынды

Мониторнигтік топтар 2 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізді

Семейде кәсіпкерлерге 28 миллион теңге айыппұл салынды
Фото: altaynews.kz

Семейде карантин талаптарын сақтау жөніндегі мониторнигтік топтар жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалада құрамында полиция басқармасының, ТКҚСҚБК және қала әкімдігінің өкілдері бар 15 шақты мониторингтік топ жұмыс істеп жатыр. Олардың жұмысының негізгі мақсаты – коронавирус инфекциясының жаппай таралуына жол бермеу.   

30 қарашадан бері қаладағы 2 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанға тексеру жүргізілді. Жалпы сомасы 4 111 440 теңгені құрайтын 32 айыппұл салынды. Олардың ішіндегі 11 айыппұл – мезгілсіз уақытта жұмыс істеген, сондай-ақ бұқаралық шаралар (үйлену тойы, құдалық және т.б.) өткізген жеке кәсіпкерлерге, сауда үйлері мен мейрамханалардың иелеріне салынған.

«Жалпы алғанда, 1 қазан мен 24 желтоқсан аралығында мониторингтік топтар 5 мыңға жуық нысанды тексеріп шықты. 235 заңбұзушылық анықталды. Жалпы сомасы 28 048 908 теңге болатын 154 хаттама толтырылды», - деп жазады «Алтайньюс» агенттігі. 

Қалалық ТКҚСҚБ басқармасы кәсіпкерлік субъектілеріне карантин шаралар кезеңінде қызметкерлердің дене қызуын күнделікті тексеру; әлеуметтік қашықтық пен маска тағу режимін сақтау, жеке қорғаныс құралдарын (маска, қолғап) уақытында ауыстырып тұру, зарарсыздандыру құралдарының қорын сақтау, ғимаратты желдетіп отыру сияқты қауіпсіздік талаптарын сақтау керек екенін ескертеді.  

 
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.