Алматыда 2021 жылы сегіз мектеп салынады
Жаңа мектептер мен жапсарлас салынатын ғимараттар 23 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді

Алматыда үш ауысымды мектептің орнына 2021 жылы 1500 орындық жаңа ғимарат салынады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алатау ауданындағы № 196 жалпы білім беретін мектепте болды. Бұл білім беру ұйымдарыны жұмысын штаттық режимде қайта бастаған кезде оқушылардың үш ауысыммен оқытуын жоққа шығармайтын мегаполистегі жалғыз мектеп.
Сапар барысында Е. Бабақұмаров «Рахат» шағынауданындағы қазір жұмыс істеп тұрған № 196 мекеменің орнына 1500 орындық жаңа мектеп салу үшін дайындық жұмыстарының барысын тексерді.
Бүгінде құрылыс жұмыстары басталды, ол 2021 жылы аяқталады. Жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады, бұл жаңа жұмыс орындарын құруды білдіреді.
Бала туу көрсеткішінің жоғары болуына және белсенді көші-қон процестеріне байланысты орын тапшылығы орта білім беру саласында, оның ішінде шет аймақтардағы бұрын құрылыс жұмыстары жүргізілмеген білім беру нысандарында да сақталып отырғанын атап өткен жөн.
«Пандемияға қарамастан биыл 2 мектеп салынды, 2021 жылы 8 мектеп және 17 жапсарлас құрылыс салынатын болады. Бұл ретте, 8 мектептің 3-еуі (әрқайсысы 1500 орындық) Алатау ауданының Дархан және Томирис жаңа шағынаудандарында және Түрксіб ауданындағы Қайрат шағынауданында салынуда», - делінген қалалық әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралар қосымша 23 мың оқушы орнын құруға және 2021 жылы оқушы орындарының тапшылығын 73%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.