ШұғылӨткен тәулікте елімізде 753 адамнан коронавирус анықталды

«Бек Эйр» ұшағы апатынан бір жыл өткен соң: авиация саласы қалай өзгерді?

Әуе апатынан 12 адам қаза тапқан болатын

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін «Бек Эйр» әуе компаниясының Fokker-100 UP–F1007 әуе кемесі апатына бір жыл толды. Әуе апатынан 12 адам қаза тапты. Аталған авиациялық оқиғаның тергеу комиссиясы жұмысын жалғастыруда.

Әуе кемесі апатынан кейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-мен бірлесіп Қазақстанның барлық авиакомпанияларының қызметіне жоспардан тыс аудит жүргізді.

«Осы оқиғаны тергеуде біздің елімізге кезінде Ұлыбританияның Азаматтық авиация агенттігі (UK CAA), Еуропалық комиссия мен Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі Еуропалық авиациялық агенттігі (EASA) белсенді қолдау көрсетті. және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің дамуына ықпал етуді жалғастыруда. Олар «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ-ның дамуына қолдау көрсетуді жалғастыруда», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.

Ең алдымен, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің мамандары британдық реттеушінің инспекторларымен бірлесіп, «Бек Эйр» әуе компаниясына толық аудит жүргізді.

Ұшу қауіпсіздігін бірқатар елеулі заңбұзушылықтардан басқа, тексеру барысында «Бек Эйр» әуе компаниясы халықаралық рейстерді орындауға сертификаты жоқ әуе компания Ауғанстан мен Африка елдеріндегі рейстерге заңсыз қызмет көрсеткені анықталды. Ішкі тергеу бес айға созылды, содан кейін іс ҚР Ішкі істер министрлігінің тергеушілеріне берілді. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ, аудит аясында бұрын «Бек Эйр» әуе компаниясын тексерген екі авиациялық әкімшілік инспекторына қатысты ішкі тергеу жүргізілді. Инспекторлардың әрекеттері орынсыз деп танылғандықтан, олар қызметінен босатылды.