$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 19:21
Қоғам

Жамбыл облысында «Nur Otan» өкілі көпбалалы аналармен жүздесті

Кандидат тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

Жамбыл облысында «Nur Otan» өкілі көпбалалы аналармен жүздесті

«Nur Otan» партиясы Жамбыл аудандық филиалынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Самал Байкеева Аса ауылындағы көпбалалы аналардың үйлерінде болды.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруды мақсат еткен үміткер көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, олардың шешілу жолдарын да назарға алды. Сондай-ақ, Самал Оңғарбайқызы мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыларға беріліп жатқан жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек және баспанаға қол жеткізу секілді көмектер мен қолдаулар бар екенін, оған қалай қол жеткізу керектігін дәлелді мысалдармен түсіндірді.

Жылу жүздесу кезінде кандидат көпбалалы аналарға «Nur Otan» партиясының аймақты дамытуға бағытталған 7 басымдығына да тоқталды. Дәлірек айтқанда, экономикалық тұрақты аймақ; жайлы аймақ; әлеуметтік бағыттағы аймақ; жастарға аймақ; тарихы мен мәдениеті бай аймақ; ашық және есеп беретін жергілікті органдар; қауіпсіз аймақ бағыттары аясында жүйелі жұмыс жүргізетінін егжей-тегжейлі баяндады.

Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасауды ортақ мақсат деп санайтынын, ол үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, еліміздің өркендеуіне аянбай еңбек ету қажеттігін мәлімдеді.

«Nur Otan» партиясының Жамбыл облысы Жамбыл аудандық сайлау қорынан төленді

Серіктес жаңалықтары