$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.12.2020, 15:56
Қоғам

«Матен Петролиум» мұнай өндіруші компаниясына айыппұл салынды

Компанияның 17 қызметкерінен коронавирус анықталды

«Матен Петролиум» мұнай өндіруші компаниясына айыппұл салынды
фото: yandex.kz

Атырауда «Матен Петролиум» мұнай өндіруші компаниясының ауысым қызметкерлерінің карантин режимін өрескел бұзғаны анықталды. Соның салдарынан 17 қызметкерден коронавирус анықталды. Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымы хабарлайды.

Өткен аптада Атырауда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті, оның 80%-ы ауысымға келетін жұмысшылар, бәрі де «Матен Петролиум» компаниясында жұмыс істейді.

«Ауысымға кіру үшін олар 7 күн карантин стационарында болып, соңында ПТР-дің теріс нәтижесін алуы керек. Осы жерден «Матен Петролиум» компаниясы тарапынан заңбұзушылық анықталды. Қызметкерлер орналасқан қонақүй санитарлық нормалар мен ережелерге сай келмеді. Қонақүй басшыларына карантинге алынатын адамдардың жатқызылатыны хабарланбаған, келісімшартта тек олардың тұратыны көрсетілген», - дейді Атырау қаласының бас санитар дәрігері Қанат Ғайнеденов.

Бұдан бөлек, «Матен Петролиум» қызметкерлерінің жағдайын бақылайтын медицина қызметкерлері болмады. Тіпті, жеткілікті мөлшерде жеке қорғаныс құралы берілмеген.

«Матен Петролиум» қызметкерлері қонақүй ішінде еркін қозғалып, бірге тамақ ішіп, бір нөмірде екі-үш адамнан тұрып, карантинге алыну талаптарын бұзған. Ал науқастармен байланыста болған 8 адам қонақүйден тексерусіз шығып кеткен», - дейді Қ.Ғайнеденов.

Анықталған заңбұзушылықтар негізінде «Матен Петролиум» АҚ-на 1600 АЕК (4 млн 444 мың теңге) айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары