14.12.2020, 14:55
Қоғам
Мыңнан астам кәсіпорын жұмысшыларына жалақы төлемей келген
30 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Мемлекеттік еңбек инспекторлары 1069 кәсіпорнында 30,8 мың жұмыскер алдында 3,52 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады.
Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындалуға міндетті 731 нұсқама беріліп, 97,6 млн теңгеден астам сома көлемінде айыппұл салынды.
Оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 29,5 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 3,4 млрд теңге төленді.
Жалпы, жоғарыда көрсетілген кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторлары 3,9 мың тексеру жүргізді. Еңбек заңнамасын бұзған 6,1 мыңнан астам факт анықталып, 174,3 млн теңге сомаға айыппұл салынды.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды