Ақмола облысында мас күйде көлік жүргізген 900-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды
Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары 20-дан астам мас жүргізушіні ұстады
Ақмола облысында жыл басынан бері 900-ден астам жүргізуші көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мас күйінде көлік жүргізу – қайғылы жағдаймен аяқталған жол-көлік оқиғалары себептерінің рейтингінде алғашқы тізімде тұр. Тәртіп сақшылары алкогольді ішімдік ішіп көлік жүргізгендер тек өзіне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіретінін ескертеді.
Жыл басынан бері Ақмола полицейлері мас күйінде көлік құралын басқарудың 928 фактісін анықтады, мас күйінде жүрген барлық жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Өткен демалыс күндері тәртіп сақшылары 20-дан астам мас жүргізушіні ұстады. Біз кезекті рет барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертеміз және барлық азаматтарды саналылық танытуға шақырамыз. Тек бірлескен күш-жігермен ғана жолдағы апат санын азайтуға болады. Жүргізушілердің, атап айтқанда, мас күйде көлікті басқарудың заңсыз әрекеттерінің куәгерлері бірден «102» пультіне хабарласуы керек», - деп атап өтті Ақмола облысы ПД ЖПҚБ бастығы полиция полковнигі Серік Баймұқанов.