Министр кинотеатрларды ашуға қатысты сауалға жауап берді
Қазақстанда коронавирус дағдарысына қарсы тұра алмаған кинотеатрлар жабылып жатыр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кинотетрларды ашуға қатысты сұраққа жауап берді.
«Кинотетрлардың жұмысын жандандыру тұрғысындағы мәселені пысықтап жатырмыз. Қазіргі кезде осы индустрия өкілдерімен, «Атамекен» ҰКП тарапымен бағалау шараларын жүргізудеміз. Театрлардағы сияқты жеңілдету бойынша нақты ұсыныстар бар», - деді министр ОКҚ-да өткен брифингте.
Еске сала кетейік, 29 қыркүйекте Қазақстандағы кинотеатр иелері қауымдастығының президенті Мунира Ягудина карантиндік шектеулерге байланысты кинотеатрлар 150 млрд теңгеге жуық сомада шығынға батқанын айтты.
Бұған дейін Azattyq Rýhy агенттігі Қазақстанда дағдарысқа шыдамаған кинотеатрлар жабылып жатқанын жазған еді.