$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.10.2020, 11:31
Қоғам

Елімізде 3,3 мыңнан астам объект карантин талаптарын бұзған

18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 1566 адамға әкімшілік айыппұл салынды

Елімізде 3,3 мыңнан астам объект карантин талаптарын бұзған
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласы мен Алматы облысы карантин режимін бұзғандардың көш басында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Қазіргі уақытта әкімдіктер жанындағы 873 мобильді мониторингтік топ карантиндік шаралардың сақталуын рейдтік тексеруді жалғастыруда. Карантин режимі жеңілдеген сәттен бастап - 18 қыркүйектен 12 қазанға дейін 26 013 объект тексердік, 3302 объектіде талап  бұзылғаны анықталды. Соңғы үш аптада Нұр-Сұлтан қаласында ереже жиі бұзылған.  Тексерілген объектілердің 37% санитарлық-эпидемияға және санитарлық-профилактикалық шаралар мен карантин режимі талаптарын сақтамай жұмыс істеген, Алматы облысында бұл көрсеткіш – 35%», - деді Қиясов.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің айтуынша, азаматтар маска кимейді, әлеуметтік арақашықтық сақтамайды, карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілер жұмыс істеп тұр, қолғап пен антисептик қойылмаған, адам көп жиналатын іс-шаралар өткізген. 

Жалпы, аталған кезеңде 1566 адамға әкімшілік айыппұл салынды, Түркістан облысында – 431, Нұр-Сұлтан қаласында – 105 және Шымкент қаласында 106 мекеме жауапқа тартылды.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан    

Серіктес жаңалықтары