Бүгін, 11:56
Қоғам

«Тоғыз жасар қызды зорлаған»: Қазақстанда жеңіл жаза алған педофилді прокурор өмір бойына қайта соттатты

Бас прокуратура кассациялық соттардың жұмысы туралы есеп берді

«Тоғыз жасар қызды зорлаған»: Қазақстанда жеңіл жаза алған педофилді прокурор өмір бойына қайта соттатты
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Бас прокуратура қылмыстық істер бойынша кассациялық соттардың атқарған жұмысын талдап, мәлімет ұсынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жалпы, прокуратураның мәліметіне сүйенсек, президенттің тапсырмасы бойынша 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмысқа кіріскен кассациялық сот – осы саладағы маңызды реформалардың біріне айналды. Осы реформаның арқасында елімізде «жаппай кассация» еніп, бұл жүйе бойынша барлық қылмыстық істер судьялардың алдын ала қарауынсыз қайта қарала бастады.

Прокуратура қызметкерлері жазықсыз сотталғандармен қатар, ауыр қылмысы үшін жеңіл жаза алып кеткен адамдарды да анықтап, жазаларын күшейтіп жатыр. Сондай істердің бірі – тоғыз жасар қызға қатысты болған.

«Азамат Ж. Тоғыз жастағы қызға азғынжық жасады деген айыппен сотталған. Бас прокуратураның талабы бойынша кассациялық сот осы үкімнің күшін жойды. Істі қайтадан қарау кезінде кішкентай бала азғындыққа емес, кәдімгі сексуалды зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Сондықтан, бұл адамның жеңіл жазасы күшін жойып, ол өмір бойына сотталды», - деп хабарлайды Бас прокуратура.

Айта кетейік, Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендер өмір бойына ғана сотталады.