Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортынан өзі үшін МӘМС-тен қанша ақша төленгенін көре алады
Үкімет QR код пен eGov Mobile арқылы қызметтерді бақылауға алмақшы
Қазақстандықтар электронды денсаулық паспортынан өзі үшін мемлекет МӘМС арқылы қанша теңгені қайда бөліп жатқанын көре алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлап отыр.
«Мемлекет МӘМС-ті реформалап, кез келген азамат мемлекет пен ӘМСҚ-ның оның атынан төлейтін қызметтердің ақысын бақылай алады. Бұл шешімдердің бір бөлігі қазірдің өзінде жұмыс істей бастады: бүгінде пациент eGov Mobile-да QR-код арқылы медициналық ұйымға бару фактісін растай алады, болашақта бұл қызмет екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларында іске қосылады. Келесі кезең пациенттің электрондық қаржылық паспорты жөнінде болмақ, онда ол үшін көрсетілген және төленген медициналық көмек туралы ақпарат қолжетімді болады», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, үкімет МӘМС жүйесін реформалау арқылы биыл 4 млрд теңге үнемдеген.