«Коттедж пен цехтарда сабақ берген»: Қазақстандағы жекеменшік мектептердің былығы әшкере болды
Үкімет 145 мектепке мемлекеттік тапсырыс беруді тоқтатқан
Үкімет мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік мектептерді қаржыландыру саласын реформалай келе, оларға бөлінетін ақшаны жаппай тексерген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Реформа аясында үкімет жекеменшік мектептерге қаржы бөлуді, оның тиімділігін тексеруді толықтай Қаржы министрлігіне берген. Жекеменшік мектептердің ақшасы бұрын қолмен есептелген көрінеді. Бұл бағытға цифрлық жүйені енгізген Қаржы министрлігі мектептердің ақшасынан бөлек, олардың сапасын да тексерген.
«Цифрлық тексеру кезінде жекеменшік мектептер балаларды оқытуға арналмаған ғимараттарда жұмыс істегені анықталды. Дәлірек айтсақ, мұндай 145 мектеп анықталды, олар бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемі 38 млрд теңге болған. Олардың арасында коттеджде, кеңсе ғимаратында және бұрынғы өндірістік цехтарда мектеп ашқандар бар», - деп хабарлайды үкімет.
Дереккөзге сүйенсек, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ғимараттары білім беру қызметіне арналмаған жекеменшік мектептерде мемлекеттік білім беру тапсырысы толығымен тоқтайды. Осы уақытқа дейін үкімет жекеменшік мектеп иелеріне ғимаратын заң талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік беріп отыр.
Үкіметтің статистикасына сүйенсек, 2020 жылы елде 203 жекеменшік мектеп жұмыс істесе, 2025 жылға қарай олардың саны 745 мектепке жеткен екен.