$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2020, 09:30
Қоғам

Алматыда жерлеу қызметін 1 миллион теңгеге дейін қымбаттатқандар анықталды

 Бейіт басында бизнес жасағандар ұсталды

Алматыда жерлеу қызметін 1 миллион теңгеге дейін қымбаттатқандар анықталды
Фото: ашық дерек көздерінен

Алматыда жерлеу қызметін 1 миллион теңгеге дейін қымбаттатқан қабіршілер құрықталды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Зираттың екі қызметкері жақынын жер қойнына тапсыруға келген жандардан жерлеу рәсіміне қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де көрсетпей, ақшаны заңсыз иемденген. Бейіт басындағы бассыздыққа шыдамаған сегіз адам бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікке ілінген азаматтар қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қорымдағы қарбаласты пайдаланып, қалтасын қампайтқысы келетіндер үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін ескертті. 

«ҚК 190-бабы 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кеше екі азаматты қолға түсірдік. Екеуі де зиратта жұмыс істеген азаматтар. Олар өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ олар қаза болғандардың туыстарына материалдық қана емес, моральдық нұқсан да келтірді», - деді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Серіктес жаңалықтары