$ 527.23  544.05  5.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2020, 20:41
Қоғам

Адам өлімінен пайда тапқысы келетін пысықайлар көбейді – Президент

Елімізде мәйітті тасымалдау мен жерлеу қызметінің ақысы күрт қымбаттаған

Адам өлімінен пайда тапқысы келетін пысықайлар көбейді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде эпидемиологиялық жағдайдың өршуі мен өлім санының күрт артуынан кей пысықайлар материалдық пайда тауып жатқанына шүйлікті. Коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізген Президент мәйітханалар мен жерлеу қызметінде сорақы тірліктер атқарылып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысы пайда табу үшін адамгершілік қағидаттарды аттап өтіп, халықты алдау мен бопсалаудан тайынбай отырған пысықтарды жөнге салу керек дейді.

«Соңғы екі аптада мәйітті тасымалдау және жерлеу үшін төленетін ақы қатты өсіп кеткен. Мұны көпшіліктің қалтасы көтере бермейді. Әкімдерге бір күн ішінде «жерлеуден жемтік іздегендерді» жөнге келтіруді тапсырамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы дертке шалдығушылар санының артуы, коронавирус рейтингіне ғана емес, Қазақстанның инвестициялық ахуалына, туристік әлеуетіне және елімізге тартылатын жаңа технологияларға да кері әсер ететінін атап өтті. Үкімет барлық сын-қатерлерді жою үшін бұл жағдайды өзінің жұмыс жоспарында ескеруі керек.

Еске салайық, бұған дейін Қ.Тоқаев елімізде әліге дейін дәрі-дәрмек тапшы екенін, дәрілердің заңсыз сатылымы әлі де тыйылмай тұрғанын атап өткен болатын.

Серіктес жаңалықтары