Ақтау тұрғындары өңір бюджетінің бөлінуіне риза емес
«ADAL» партиясының өкілдері қала тұрғындарымен кездесті
Ақтау тұрғындары аймақ бюджетінің бөлінуіне риза емес. Бұл мәселе туралы «ADAL» партиясынан депутаттыққа кандидаттармен кездесуде айтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Бүгін Мәжіліске депутаттыққа кандидаттар Эльдар Жұмағазиев, Ардақ Назаров, Мақсат Толықбай, Ләззат Чинкибаева, сондай-ақ партия өкілдері Нұрлыбек Мұқанов, Әнуар Керембаев Маңғыстау облысы Ақтау қаласының жұртшылығымен кездесті. Өз сөзінде Эльдар Жұмағазиев партияның мақсаты жекелеген қалаларды емес, еліміздің барлық өңірлерін дамыту екенін атап өтті.
«Маңғыстау өңірі - бірегей аймақ. Бірден бұл жерде мұнай өндірілетіні және көп мұнай компаниясы бар екені еске алынады. Сонымен қатар тұрғындар көптеген проблемаға шағымданады. Негізгісі - бұл адами капитал, табыс. Біз бұл мәселелерді қалай шешу керегін білеміз және өз бағдарламамызда нақты шешімдерді ұсынамыз», - деп атап өтті депутаттыққа кандидат.
Эльдар Жұмағазиев Өңірлерді дамытудың қолданыстағы стандарттары ескіргенін, сондықтан партия өңірлік саясатты түбегейлі өзгерткісі келетінін және бұл ретте өңірлердің тұрғындары партияларға қолдау көрсетуі тиіс екенін атап өтті.
«Бізде еңбекке қабілеттіліктің үлкен коэффициенті бар. Жұмыс орындарын құрайық! Өңірлік бағдарламаларды құрайық! Біз өңірлерді өсіруіміз керек. Күштің бәрі оларда!», - деді ол.
Сондай-ақ, ол сайлау нәтижелеріне қарамастан, «ADAL» жобалық кеңселер арқылы өңірлер тұрғындарының мәселелерін шешуге қол жеткізетінін айтты.
«Сайлаудан кейін өмір бітпейді және проблемалар ешқайда кетпейді. Сайлау кезеңі бізге мүмкіндігінше көп адамды тыңдау үшін және олардың мәселелерін шешудің тетіктерін жасау үшін беріледі. Біз қазір осымен белсенді айналысудамыз», - деді ол.