«Ақ жол» партиясының өкілдері Шымкент тұрғындарымен кездесті
Үгіт-насихат тобы партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтты
Бүгін Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы Шымкент қаласында болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев алдымен «Ақ жолға дауыс бер» атты автошеруді ашып береді. Автошеру Шымкент әуежайынан бастау алып партия белсенділері көлікпен «Қасірет» мемориалына дейін жүріп өтті. Естеріңізге сала кетсек, 1935-1938 жылдары елімізде 135 мың қазақстандық қуғын-сүргін құрбаны болды. Олардың 25 мыңы атылды. Сталин лагерлеріне 5 млн адам жер аударылды. Олардың 7 мыңы ОҚО тұрғындары, 2,5 мың адам халық жауы деп атылды. Бүгін партия белсенділері «Қасірет» мемориалының жанында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, гүл шоқтарын қойды.
«Ақ жол» демократиялық партиясының үгіт-насихат тобы сондай-ақ «Скат» әуе компаниясы АҚ-ның ұжымымен кездесті. Бұл кәсіпорында партия белсенділері «Ақ жол» партиясының сайлауылды бағдарламасы туралы баяндады және жұмысшылардың жайын сұрап білді.
Ал, бұл шарадан соң штаб мүшелері №53 С.Рақымов атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесті. Білім беру төңірегіндегі мәселелер ақжолдықтардың сайлауалды платформасында жан-жақты талқыланады. Партияның әлеуметтік саясатының басымдығы - сапалы және қолжетімді білім. Партия белсенділерінің пікірінше, егер де қаладағы дарынды балалар үшін арнайы мектептерде сапалы білім алудың түрлі мүмкіндіктері болса, ауыл оқушыларында мұндай мүмкіндік өте аз. Сондықтан ауылдық жерлердегі дарынды балаларға арналған білім беру мекемелерінің жүйесін құру қажет. Тұтастай алғанда, елімізге талантты жастардың елден кетуін тоқтататын жүйелі бағдарлама қажет.
Бүін «Ақ жолдың» үгіт-насихат тобы «Қырғы базар» сауда орталығының жұмысшыларымен және «KARLSKRONA LC AB» компаниясының ұжымымен кездесті.