$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.12.2020, 22:53
Сайлау-2021

«Ауыл» партиясының өкілдері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасы туралы айтылды

«Ауыл» партиясының өкілдері Ақтөбе облысы тұрғындарымен кездесті

25 желтоқсан күні ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына «Ауыл» партиясы атынан кандидат, «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы Қ.Айтуғанов және облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар «Ауылдан ауылға» акциясы аясында үгіт тобымен Ақтөбе облысы, Алға ауданының бірқатар ауылдық елдімекенінде болып, «Реимкул» шаруа қожалығының ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Реимкул» ШҚ - астық өндірумен және асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын Алға ауданының ірі агрофирмасы. Кәсіпорын 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Орташа жалақы деңгейі 120 мың теңгеден асады. 3 мың гектар егістік жері бар шаруашылық әулиекөл және симментал тұқымдас 1500 бас ірі қара малы мен 700 бас жылқы бағып отыр.

Қайрат Айтуғановтың айтуынша, «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі - АӨК-де еңбек өнімділігін арттыру мақсатында алдыңғықатарлы технологияларды енгізуді ынталандыру. Кандидат ауыл тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту жұмыс беруші кәсіпорынның табыстылығына, мал басының өсуі мен өсімдік шаруашылығындағы өнімділігіне байланысты екенін атап өтті. Осы аспектіде ҚазАТУ басқарма төрағасы «Реимкул» ШҚ ұжымына Қазақстанда сынақтан өткен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып танаптарды зондтау, топырақты кешенді агрохимиялық зерттеп-қарау және нақты егіншіліктің басқа да элементтерін барынша пайдалануды ұсынды. Мал шаруашылығында шаруашылық жүргізуші субъектілер ауыл шаруашылығы жануарларын селекциялау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша университет әзірлеген технологияларды, сондай-ақ табынды басқару үшін цифрлық өнімдерді пайдалана алады.

«Ауыл» партиясының «Ауылдан диплом алуға» жаңа бағдарламасын әзірлеу жөніндегі бастамасы қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Қ.Айтуғановтың мәліметінше, осы бағдарлама бойынша ауылдарға кеткен мамандардың көпшілігі мемлекет алдындағы міндеттемелер мерзімі аяқталғаннан кейін қалаларға қайтарылады. Мұндай жағдайда оларды көтеруге және қолдауға жұмсалған мемлекеттік қаражат, шын мәнінде, «суға сіңіп» кетеді  және бастапқыда қалаған нәтиже бермейді. Қайрат Айтуғанов бағдарламаның жұмыс істеу принципін өзгерту және «ауылдан» орнына «ауылға» ағын бағытын өзгерту әлдеқайда тиімді деп санайды. Мұндай өзгеріс бюджет ақшасын екі есе үнемдейді және ең бастысы ұзақ мерзімді қамтитын болады.  Ауыл жастары міндетті түрде туған ауылына оралады және осы сәтті пайдаланған жөн. Сонда тұрғын үй сатып алу үшін «көтермеақы» ұсыну қажеттілігі өздігінен жоғалады. Үнемделген қаражат есебінен гранттар санын көбейтіп, сол арқылы білімге қолжетімділікті арттыру керек»,  – деп қорытындылады ол.

Кездесу соңында «Ауыл» партиясынан облыстық және аудандық мәслихаттарға кандидаттар өз ұсыныстарымен бөлісіп, қатысушыларға өңірлік сипаттағы мәселелерді шешу үшін ұсынылған бірінші кезектегі шаралар туралы айтып берді. Сондай-ақ, осы күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Дәулеткерей Кәпұлы, Рабиға Тоқсейітова Абай Құнанбаевтың туған ауылы Қарауыл тұрғындарымен кездесті және мәдениет үйінде ұлы ақын, ойшылдың 175 жылдығына арналған «Абайға тағзым» поэзия кешін өткізді.

Кандидаттар Ақмола облысы Ерейментау ауданы, Ақсуат кентінің тұрғындарымен кездесулер өткізді. Іс-шараға «Ауыл» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидаттар: Шамшинуров М. О. Зейнуллин А. Т., Рахимбеков Ж. Ж., Шошанова Г., Құлынтай А. қатысты.

Алматы облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар «Ақсу» агрохолдингінің қызметкерлерімен және Алматы облысы Ақсу ауданы Алтынарық ауылының тұрғындарымен кездесті.

«Ауыл» ХДПП Солтүстік Қазақстан облыстық қоғамдық штабында филиал төрағасы Т.Т. Әбілмәжіновтің, облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар мен аудандық және қалалық бөлімшелер төрағаларының қатысуымен «Ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту» тақырыбында онлайн-форматта кездесу және партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру іс-шарасы өтті.

«Түркістан-Мақта» ЖШС базасында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар С.Кәрімбаевтың, Т.Қалмұратовтың, Түркістан қалалық мәслихатына кандидаттар: Б. С. Раманқұловтың, Б.О.Қасымбековтің, Қ. Бәйменовтің қатысуымен «Мақтаны өңдеу саласындағы проблемалар» атты іс-шара өтті. Қатысушылар мақта өңдеу саласындағы мәселелерді және партияның сайлауалды бағдарламасын талқылады.

Серіктес жаңалықтары