Қызылорда облысында ауыл халқы үшін ауқымды шаралар жасалады
Депутаттыққа үміткерлер халықпен кездесіп жүр
Қызылорда облысы Сырдария ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сейткамал Сұлтанов «Есіктен есікке» акциясы аясында Шіркейлі ауылында тұрғындармен кездесті.
«Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші. Біз білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік салада сапалы қызметтерге қол жеткізе отырып, аудан тұрғындарының өмір сүру жағдайын арттыруға күш саламыз. Барлық бағытта ауқымды шаралар жасалмақ. Мәселен, орта білім беру мектептерде мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес инклюзивті кабинеттер мен мемлекеттік балабақшаларды логопедтік пункттермен және арнайы мамандармен қамтамасыз ету, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға және олардың азаматтық ұстанымын жандандыруға бағытталатын «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары бар. Осының бәрі ел игілігі үшін», – деді үміткер Сейткамал Сұлтанов.
Еркін форматта өткен ашық сұхбат кезінде үміткер ауыл тұрғындарына 2022 жылы Сырдария ауданының А.Тоқмағанбетов, 2023 жылы С.Сейфуллин, 2024 жылы Қалжан ахун елді мекені газбен қамтамасыз етіліп, Тереңөзек кентінде жаңа спорттық нысандар салынатын және 2 спорт кешеніне күрделі жөндеу жұмысы жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, А.Тоқмағанбетов, Н.Ильясов ауылдық дәрігерлік амбулаторияның құрылысын реттеп, әрі кезең-кезеңімен білім беру объектісінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізлетіндігінен хабардар етті.
Осы орайда тұрғындар да өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, түйінді сауалдарына тұшымды жауап алды. Міне, осындай сүбелі сұхбат, еркін пікірталастан соң үміткерлер алдағы болатын сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді