$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2020, 01:35
Сайлау-2021

«ADAL» үгіт-насихат жұмыстарының бір күні: тұрғындардың шағымдары, келіспеушілік митингі

Партия өкілдері бірнеше өңір тұрғындарымен кездесті

«ADAL» үгіт-насихат жұмыстарының бір күні: тұрғындардың шағымдары, келіспеушілік митингі

«ADAL» партиясының тағы бір белсенді үгіт-насихат күні мазмұнды болды. Партиядан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер халықтың проблемалық мәселелерін білді, аймақтардағы партия мүшелерімен сөйлесті, тіпті, үміткерлердің бірі митингке қатысушы болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Үміткер Ләззат Шыңғысбаева кездесулерді Алматы облысында жалғастырды. Ол Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Ол партияның бағдарламасы туралы айтып, ауыл тұрғындарының мәселелерін білді.

«Мемлекет неге көпбалалы отбасыларға баспана бермейді? Онсыз да бізге отбасымызды тамақтандыру, қамтамасыз ету оңай емес. Барлығы қымбаттауда - тамақ та, киім де. Үй сатып алу менің мүмкіндігім жетпейді!», деді тұрғындардың бірі.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары фермерлерді қолдау шараларын жетілдіру және қаржылық көмек көлемін арттыру қажет деп санайды.

Текелі қаласының тұрғындары партия бағдарламасына қолдау білдіріп, билік органдарына ірі кәсіпорындар ашуды ұсынды. Олардың айтуынша, бұл жұмыссыздықты азайта алады.

Бүгін Өскеменде Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Олжас Ордабаев, Игорь Шацкий, Алина Асқарова, Лаура Маликова облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесу өткізді. Қала қонақтары партияның сайлауалды бағдарламасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сонымен қатар халықтың барлық санаттарын қамтуымен белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігіне тоқталды.

ҚР Мәжіліс парламентінің депутаттығына кандидат Алмасбек Садырбаев үшін Қызылорда қаласында жоспарланған үгіт-насихат күні жоспар бойынша өтпеді. Үміткермен кездесуге ниет білдірген фермерлер оны ауыл шаруашылығы саласындағы сарапшы ретінде облыс басшылығымен кездесуге шақырды. Мәселен, қаржы жағынан қолдау таппаған адамдар мал өсірушілерге мемлекеттік субсидияны бөлу нәтижесінде облыс әкіміне шағымдануға шешім қабылдады. Жергілікті билік өкілдерімен кездесу барысында Алмазбек Садырбаев көптеген фермерлердің пікірін білдірді.

«Маған үгіт-насихат жұмыстары аясында екенімді біліп, көптеген жергілікті фермерлер шықты. Мен митингке шыққандармен келісемін. Себебі ауыл шаруашылығы Министрлігі әзірлеген субсидияларды бөлу жүйесі дұрыс емес. Бұл жүйе әділетсіз! Бұл көптеген фермерлерді қамтуға мүмкіндік бермейді және заңсыз әрекеттерге жол ашуы мүмкін. Біреу мемлекеттен көмек алады, ал мыңдаған адам - жоқ», - деді Алмасбек Садырбаев.

Өңір әкімі Гүлшара Әбдіқалықова наразы адамдармен әңгімелесті. Ол ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына сөгіс жариялады. Және субсидиялаудың 80%-ы Қазалы ауданына кеткендігінің себебін анықтау үшін тексеру жүргізілетініне сендірді. Сондай-ақ, өңір басшысы ауыл шаруашылығы министрімен субсидия беру жүйесін жетілдіру жөнінде әңгіме қозғады.

Серіктес жаңалықтары