$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.12.2020, 23:26
Сайлау-2021

«Ақ жол» партиясының өкілдері Ақтөбе тұрғындарымен кездесті

Партияның үгіт-насихат тобы кәсіпкерлермен кездесті

«Ақ жол» партиясының өкілдері Ақтөбе тұрғындарымен кездесті

Бүгін «Ақ жол» партиясының үгіт-насихат тобы өз сайлаушыларымен кездесуді Ақтөбе қаласында жалғастырды. Партияның атынан парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Дания Еспаева  партияның облыстық филиалының белсенділерімен бірігіп  өңірдегі кәсіпкерлерімен кездесу өткізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Демократиялық партияның үгіт-насихат тобының мүшелері кәсіпкерлерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, кәсіпкерлерді мазалаған сұрақтарға жауап береді. Партия елімізде саяси реформалар жүргізілмейінше, экономика саласында өзгерістер болуы мүмкін емес деген ұстанымда. Ақжолдықтар елде шын мәніндегі экономикалық қолдау болмаса, либералдық саяси реформалар ұран ғана болып қалады деп отыр. Ал, жаңа  реформалардыңдың орындалуына жеке кәсіпкерлер мен бизнесмендер ғана қозғаушы күш бола алады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде ең алдымен шағын және орта бизнесті қолдаушы партия.  Партия кәсіпкерлерге көмектесу  үшін елде инвестициялық ынталандыруды енгізу өте қажет деп санайды. Ол үшін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар іске қосылғаннан кейін және тұрақты  жұмыс істегеннен кейін жаңа кәсіпорынның 50 % қайтарымы болуы қажет деп есептейді. Оған қоса еркін экономикалық аймақтардағы кәсіпорындарды 10 жылға салықтың барлық түрлерінен толық босату қажет деген ұстанымда.

Серіктес жаңалықтары