Қазақстанда «Ауылдан ауылға» акциясы басталды
Акцияны «Ауыл» партиясы ұйымдастырған
Бүгін Қазақстанда «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының «Ауылдан ауылға» акциясы басталды. Іс-шараға «Ауыл» партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің, облыстық, облыстық мәслихаттар депутаттығына кандидаттар қатысты. Акция барысында депутаттыққа кандидаттар мен партия жетекшілері ауылдық жерлерді аралап, ауыл тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ауыл» партиясының «Ауылдан ауылға» республикалық акциясы Жамбыл облысында басталды. Республиканың барлық аймағында болып, партияның сайлауалды бағдарламасын тұрғындарға түсіндіріп, насихаттауды мақсат тұтқан айтулы акцияға еліміздің Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар Қарлығаш Аралбекова мен Нұржігіт Бегалы, сондай-ақ Жамбыл облысының барлық деңгейдегі мәслихаттарының депутаттығына ұсынылып жатқан кандидаттар қатысты.
Жалпы, соңғы 10 жылға дейінгі уақытта ел аумағында 7 мыңнан аса елдімекен болса, бүгінде алты жарым мыңнан аз ауыл қалған. Жергілікті жерде жұмыссыздық пен жағдайдың жоқтығынан ауыл тұрғындарына қалаларға үдере көшуге тура келген. Сол себепті урбанизация қарқынының артуы көрініс беріп отыр. Қарлығаш Аралбекова бұл мәселе өте алаңдатып отырған күрделі құбылыс екенін айтады.
«Ауыл тұрғындары амалдың жоқтығынан қалаға көшуде. Бұл үлкен проблема. Мұны шешудің жолы – қысқарып кеткен ауылдарымызды қайта құрып, дамуы үшін күш салу. Ауыл еңбеккерлерінің табысы мен әлеуметтік қолжетімділіктерді қалалықтармен теңестіру керек. Емдеу мекемелері, балабақшалар, мектеп және спорт ғимараттарын қолжетімді ету, сапалы жол, орталықтандырылған таза ауыз су мен газ жүйесін жетілдіру – әрбіріміздің негізгі тамырымызға деген құрметіміз болар еді», - дед Қ.Әмірқызы.
Осылайша акция облыс орталығынан ауылдарға аттанды. Іргелес жатқан Байзақ ауданының Қызыл жұлдыз ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. Үміткерлер әрбіріміздің жүрегімізде ауылға деген сағынышпен қатар алаңдаушылық бар екенін жасырмады. Ауылды қолдап, көтеретін кез келгенін, сол үшін еңбек етуге әзір екендіктерін жеткізді.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары сәттілік тілеп, кандидаттар өз елдімекендеріне аттанды. Жалпы, Жамбыл облысындағы 10 ауданда 400-ге тарта ауыл бар. «Ауылдықтар» барлық елдімекенді қамтуды көздеп отыр.