$ 538.11  623.51  6.61
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Пашинян транзитті қайта ашуға жәрдемдескен Қазақстан президентіне алғыс білдірді

Ол бұл пікірін «Жібек жолы» форумында айтқан

Пашинян транзитті қайта ашуға жәрдемдескен Қазақстан президентіне алғыс білдірді
Фото: скриншот

Тбилисиде өткен «Жібек жолы» V форумында Арменияның премьер министрі Никол Пашинян Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

haqqin.az телеграмм-арнасының мәліметінше, Пашинян сондай-ақ кеше Қазақстанға келген Әзербайжан президентіне де алғыс айтқан.

«Кеше Ильхам Әлиев «Әзербайжан өз аумағы арқылы Арменияға қарай жүретін жүк транзитіне қатысты шектеуді жойды» деді. Бұл өте маңызды мәлімдеме, сондықтан, бұндай қадамға барған Әзербайжан президентіне шын ықыласымды білдіремін», - деді Пашинян.

Армения премьер-министрі сондай-ақ осындай маңызды шешімге ықпал еткен Қазақстанның рөлін де атап өтті.

«Сондай-ақ Қазақстан президенті мен Грузияның премьер-министріне осы уағдалыстыққа қол жеткізудегі маңызды рөлдері үшін алғыс айтқым келеді», - деді ол форумда.

Айта кетейік, кеше Әзербайжан президенті Астанада жүріп Әзербайжан шектеу жойылған соң Арменияға ең алдымен Қазақстанның бидайын жібергенін мәлімдеген еді. 

Серіктес жаңалықтары