22.10.2025, 09:06
Саясат
Келесі аптада Қазақстанға Финляндия президенті келеді
Сапар 28-29 қазанға жоспарланған
Фото: instagram.com/alexstubb/
Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Финляндия президенті келеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«28-29 қазан күндері Қазақстан Президентінің шақыруымен Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді», - деп жазған Ақорда.
Сапар аясында мемлекет басшылары келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективасын, сондай-ақ жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді