21.10.2025, 17:41
Саясат
Әзербайжан шектеу жойылған соң Арменияға ең алдымен Қазақстанның бидайын жіберген – Әлиев (ВИДЕО)
Оның айтуынша, бұл бейбітшіліктің жарқын белгісі
Фото: freepik.com
Әзербайжан Арменияға қатысты жүк тасымалына қойылған шектеуді ала сала ең алдымен Қазақстанның бидайын жіберген, деп жазады Azattyq Rýhy.
Бұл туралы бүгінде Қазақстанда мемлекеттік сапармен жүрген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлім еткен.
«Әзербайжан оккупация басталғанда күшіне енген жүк тасымалының шектеуін бәрін алып тастады. Арменияға алғашқы жүк транзиті ретінде қазақстандық бидай жіберілді. Бұл Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбітшілік қағаз жүзінде қалмай, нақты орнағанын көрсететін жарқын мысал», - деген Әлиев.
Айта кетейік, биыл тамызда Армения мен Әзербайжан қақтығысты реттеу туралы келісімге қол қойған болатын.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді