$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёл ел басшылығынан толықтай кетті

Елде 2 ай ішінде жаңа президент сайланады 

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёл ел басшылығынан толықтай кетті
Фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёлге үкім шықты. Сот оған жарияланған импичментті сол қалпы қалдырды. Енді елде 60 күннің ішінде жаңа президент сайлануы керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ВВС-дің хабарлауынша, сот алқасы оны Конституцияны, сондай-ақ заң үстемдігі мен демократия принциптерін бұзды деп мәлімдеген.

Былтыр желтоқсанда Юн Сок Ёл Оңтүстік Кореяда әскери жағдай жариялап, саяси жағдайды шиеленістірген. Осыдан кейін парламент оны бүлік шығаруды ойластырды деп айыптап, мемлекет басшысына импичмент жариялады. Ол қызметінен босады, бірақ оны қызметінен ресми босату үшін конституциялық соттың шешімі қажет еді.

Юн Сок Ёл бүлік жасауға талпынды деген өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның адвокаттары сот шешімін әділетсіз деп санайтынын жеткізді.

Серіктес жаңалықтары