Бес елдің президенті Арал туралы көрмені тамашалады
Көрме Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді

«Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитіне қатысып жатқан саясаткерлер Aral Culture Summit көрмесін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Кошта, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен Климат конференциясынан кейін Aral Culture Summit көрмесін аралап көрді», - деп хабарлайды Ақорда.
Аталған алаңда Арал экожүйесін қалпына келтіруге, аймақтың мәдени мұрасын сақтауға және орнықты дамуына ықпал етуге бағытталған бастамалар көрініс тапқан.
Визуальді, сенсорлы және интерактивті тәсілдер арқылы ұсынылған экспозиция Арал маңындағы бай табиғат пен мәдениет жайында сыр шертеді.