ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

Бақауовтың бірінші орынбасары болған Ұлан Жазылбек жаңа қызметке тағайындалды

Ол бұған дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған

фото: zhambyl.gov.kz

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Жазылбек Ұлан Еркінұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Ұлан Жазылбек 1962 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1984 жылы Алматы үй құрылысы комбинатында шебер, прораб, аға прораб болып бастаған.

1992-2005 жылдары жеке секторда және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарда;

2005-2008 жылдары Алматы қаласы мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау департаментінің бас маманы, сәулет-құрылыс бақылау бөлімінің бастығы;

2009-2011 жылдары «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ департаментінің директоры, «Қорғас – сервис» ЖШС құрылыс бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2011-2013 жылдары Алматы қаласы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті басшысының орынбасары;

2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары;

2014 - 2017 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту департаментінің директоры лауазымдарында болған.

2017 жылдың қараша айынан бастап Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Сұхбат
Бүгінге дейін ауылға көшу акциясына 4000 адамнан өтініш түcкен
Оның айтуынша, аралдан баспана алатындар саны жыл сайын артып келеді
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған