ШұғылЕлімізде бір тәулікте 400 адам коронавирус жұқтырған

Карантин кезінде моншаға түскен әкімге сөгіс жарияланды

Түркістан облысында Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

2020 жылдың 21 мамырында Түркістан облысы Шардара ауданының лауазымды тұлғаларының тәртіптік жауапкершіліктері қаралды, деп хабарлайды облыстық Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттік.

«Нәтижесінде, Шардара ауданының әкімі төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссияның төрағасы бола тұра, өзіне бағынысты мемлекеттік қызметшілермен бірге төтенше жағдай режимі кезінде моншада болып, өзінің іс-әрекетімен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болғаны анықталды.

Сонымен қатар, қол астындағы қызметшілермен қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта пайдалануына жол берілген.

Бұл ретте, Әдеп кодексінің 5-тармағы 7) және 10) тармақшаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер өзінің іс-әрекетімен және мінез құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиіс.

Осыған орай, Әдеп жөніндегі кеңес шешімен Түркістан облысы Шардара ауданының әкімі Қ.Жолдыбайға «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды»,- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерімен Шардара ауданы әкімінің аппарат басшысы Ғ.Амантайға және Шардара аудандық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ш. Райхановқа «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Сұхбат
Екінші дүниежүзілік соғысқа қазақ даласынан 1,3 млн жауынгер аттанған
Англия, Түркия, АҚШ елдеріндегі қазақтар жағдайды баяндады
Америкада маскасыз жүргендерге 1 мың доллар айыппұл салынады