Сапасыз жоғары оқу орындарын жабу керек - Елбасы
Бүгін Елбасының төрағалығымен Үкіметтің, «Nur Оtаn» партиясы мен оның Парламент Мәжілісіндегі фракциясының мүшелері қатысқан кеңес өтті

Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» бағдарламасында ЖОО санын оңтайландыруды тапсырғанымен, оларлың саны артып жатқанын мәлімдеді. Ол жоғары оқу орындарын халықаралық стандарттарға сай оңтайландыруды тапсырғанын еске салды.
«ЖОО трансформациясын жүргізу міндетін алға қойған едік. Бірақ сан азаймады. Мәселе санда емес, олардың қандай маман дайындайтынында. Қазіргі дайындалып шыққан мамандар кімге керек? Біз заңгерлер мен экономистерді көп дайындағанымыз сонша, олардың барлығы қазір жұмыссыз жүр», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Ол білікті профессорлар мен оқытушыларды тартпайтын оқу орнын жабу керек екенін айтты.
«ЖОО қайтадан артып жатыр. Мен міндетті түрде азайту керек демеймін. Бірақ оқу орнының базасы бар ма? Зертхана кешені бар ма? Мен қазақстандық ЖОО жақсы мамандарды дайындағанын қолдаймын», - деді Елбасы.